СУМАМЕД®, Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 100 мг/5 мл
- Өнім тиесілі терапевтік аймақ
- Антибиотикалық терапия
- Қолданылуы
- Фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекцияларында; бронхит, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында; тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар; Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру керек.
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Пероральді суспензия түріндегі Сумамед® тамақтануға қарамастан тәулігіне бір рет қабылданады. Препарат дозасын препаратқа қоса берілетін дозалағыш шприц немесе өлшегіш қасықпен пайдаланған кезде өлшеу қажет (баланың салмағы 15 кг дейін болғанда дозалағыш шприцті; салмағы 15 кг асқанда – өлшегіш қасықты қолдану керек). Суспензия дайындау үшін Сумамед® ұнтағы тұрған құтыға дистилденген немесе салқын қайнаған суды (ыстық емес!) қосу қажет. Шприцтің көмегімен 12 мл суды өлшеп алып, біртіндеп құтыға қосады және бір текті суспензия алғанға дейін мұқият араластырады.
- Өнім Сипаттамасы
- Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Ішке қабылдағанда азитромицин бүкіл организмге тарайды. Азитромициннің тіндегі концентрациясы қан плазмасындағыдан едәуір жоғары (50 есе), бұл препараттың тіндермен айқын байланысын растайды.
- Жағымсыз әсерлері
- Төменде тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген. Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Өте жиі: диарея, іш ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм. Жиі: анорексия; психика тарапынан болатын бұзылыстар; бас айналуы, бас ауыруы: парестезия, дисгевзия; нашар көру; кереңдік; құсу, диспепсия; қышыну, бөртпе; артралгия; бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар; шаршау; лимфоциттер санының төмендеуі, эозинофилдер санының ұлғаюы, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі.