Сумамед форте, суспензия дайындауға арналған ұнтақ 15мл
- Өнім тиесілі терапевтік аймақ
- Антибиотикалық терапия
- Қолданылуы
- - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекцияларында - бронхит, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында - тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары Бактерияға қарсы дәрілерді қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру керек.
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Пероральді суспензия түріндегі Сумамед® фортені тамақтануға қармастан тәулігіне бір рет қабылдайды.
- Өнім Сипаттамасы
- Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалардың 50S-суббірлігімен байланысуы және полинуклеотидтер синтезіне ықпал болмаған кезде пептидтердің транслокациясын болдырмау есебінен бактериялық ақуыз синтезін тежеуде жатыр.
- Жағымсыз әсерлері
- Төменді тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген. Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Өте жиі - диарея • іш ауыруы • жүрек айнуы • метеоризм Жиі - анорексия - психика тарапынан болатын бұзылыстар - бас айналуы • бас ауыруы • парестезия • дисгевзия - нашар көру - кереңдік - құсу • диспепсия - қышыну • бөртпе - артралгия - бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар - шаршау - лимфоциттер санының төмендеуі • эозинофилдер санының ұлғаюы • қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі Жиі емес - кандидоз • оральді кандидоз • қынаптық инфекция - лейкопения • нейтропения - ангионевроздық ісіну • аса жоғары сезіматалдық - күйгелектік - гипестезия • ұйқышылдық • ұйқысыздық - естудің нашарлауы • тиннитус - жүрек қағуын сезіну - гастрит • іш қатуы - гепатит - Стивенс-Джонсон синдромы • жарыққа сезімталдық реакциясы • есекжем - кеуденің ауыруы • ісіну • жалпы дімкәстік сезімі • астения - АсАТ • АлАТ • қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы • қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы • қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы • қандағы калийдің аномалиялық деңгейлері Сирек • үрейлі қозу • бас айналуы • бауыр функционалдық тесттерінің аномалиялық нәтижелері • жедел жайылған экзентематоздық пустулез (AGEP)* • эозинофилиямен және жүйелік белгілермен дәрілік реакция (DRESS)* Белгісіз • жалған жарғақшалы колит • қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар • тромбоцитопения • гемолиздік анемия • иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар • анафилаксиялық реакция • зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылыстар • агрессия • мазасыздық • естен тану • құрысу • психомоторлық аса жоғары белсенділік • аносмия • авгезия • паросмия • миастения гравис • екіге бағытталған тахикардия • қарыншалық тахикардияны қоса • аритмия • гипотония • панкреатит • тіл түсінің өзгеруі • бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар • өлімге сирек әкелетін бауыр жеткіліксіздігі • шұғыл дамитын гепатит • некроздық гепатит • холестаздық сарғаю • тері және тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар • уытты эпидермальді некролиз • мультиформалы эритема • қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылыстар • бүйректің жедел жеткіліксіздігі • интерстициальді нефрит • электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы