Сумамед, капсулалар 250 мг
- Өнім тиесілі терапевтік аймақ
- Антибиотикалық терапия
- Қолданылуы
- Сумамед азитромицинге сезімтал микроорганизмдермен туындаған келесі инфекциялық ауруларды емдеуге арналған: - фарингит/тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса, тыныс жолдарының инфекциялары - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса, төменгі тыныс жолдарының инфекциялары - тері және жұмсақ тіндер инфекциялары: көшпелі эритема (Лайм ауруының бастапқы сатысы), тілме қабынуы, импетиго, салдарлы пиодерматоздар - венерологиялық аурулар: Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс ағзаларының асқынбаған инфекциялары. Препаратты тағайындау бактерияға қарсы препараттарды тиісті қолдану бойынша ресми ережелерге сәйкес жүргізілуі керек.
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Қолдану тәсілі Сумамед 250 мг қатты капсулалары күніне бір рет қабылданады. Капсулаларды тұтастай жұту керек. Сумамед капсулаларын тамақтануға дейін бір сағат қалғанда немесе тамақтанғаннан кейін екі сағаттан соң қабылдау керек.
- Өнім Сипаттамасы
- Әсер ету механизмі Азитромицин әсер ету ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктер қосалқы тобы – азалидтердің өкілі болып табылады. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосомалардың 50S-суббірлігімен байланысуы және полинуклеотидтер синтезіне ықпал болмаған кезде пептидтердің транслокациясын болдырмау есебінен бактериялық ақуыз синтезін тежеуде жатыр.
- Жағымсыз әсерлері
- Төменде тізілген жағымсыз әсерлер кездесу жиілігіне сәйкес жіктелген. Жиіліктік санаттары MedDRA (Регуляторлық қызмет терминдерінің медициналық сөздігі) белгілеріне сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000); белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Өте жиі - диарея • іш ауыруы • жүрек айнуы • метеоризм Жиі - анорексия - психика тарапынан болатын бұзылыстар - бас айналуы • бас ауыруы • парестезия • дисгевзия • нашар көру • кереңдік • құсу • диспепсия • қышыну • бөртпе • артралгия • бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар • шаршау • лимфоциттер санының төмендеуі • эозинофилдер санының ұлғаюы • қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі Жиі емес • кандидоз, оральді кандидоз • қынаптық инфекция • лейкопения • нейтропения • ангионевроздық ісіну • аса жоғары сезіматалдық • күйгелектік • гипестезия • ұйқышылдық • ұйқысыздық • естудің нашарлауы • тиннитус • жүрек қағуын сезіну • гастрит • іш қатуы • гепатит • Стивенс-Джонсон синдромы • жарыққа сезімталдық реакциясы • есекжем • кеуденің ауыруы • ісіну, жалпы дімкәстік сезімі • астения • АсАТ • АлАТ • қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы • қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы • қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы • қандағы калийдің аномалиялық деңгейлері Сирек • үрейлі қозу • бас айналуы • бауыр функционалдық тесттерінің аномалиялық нәтижелері • жедел жайылған экзентематоздық пустулез (AGEP)* • эозинофилиямен және жүйелік белгілермен дәрілік реакция (DRESS)* Белгісіз • жалған жарғақшалы колит • қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар • тромбоцитопения, гемолиздік анемия • иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылыстар • анафилаксиялық реакция • зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылыстар • агрессия, мазасыздық • естен тану, құрысу, психомоторлық аса жоғары белсенділік, аносмия, агевзия, паросмия, миастения гравис • екіге бағытталған тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса, аритмия • гипотония • панкреатит, тіл түсінің өзгеруі • бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылыстар • сирек өлімге әкелетін бауыр жеткіліксіздігі, шұғыл дамитын гепатит, некроздық гепатит, холестаздық сарғаю • тері және тері асты тіндері тарапынан болатын бұзылыстар • уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема • қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылыстар • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит • электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы