Техникалық смарт-құрылғылар шашыраңқы склерозға шалдыққан адамдарға қауымдасу сезімін сыйлайды

Смарт-сағаттар мен смарт-таразылар қадам санауға немесе калорияны жағуға ғана пайдалы емес. Шашыраңқы склерозыңыз бар болса, осы құрылғылар ұқсас жағдайдағы басқа тұлғалармен қауымдастық құруға көмектеседі.

Teva компаниясының Тұтынушылық шешімдер және ғаламдық тұтынушыларды зерттеу командасы жалғанған құрылғылардың денсаулықты жақсартып-жақсарта алмайтынын және жағдайды қолға алу сезімін беріп-бере алмайтынын сынауға бел буды. Нәтижесінде компанияның шашыраңқы склерозға шалдыққан алғашқы емделушісі денсаулық зерттеуіне қосылды әрі цифрлық денсаулыққа болашақта инвестиция құю жоспары жасалды.

Teva компаниясының Тұтынушылық шешімдер және ғаламдық тұтынушыларды зерттеу командасы жалғанған құрылғылардың денсаулықты жақсартып-жақсарта алмайтынын және жағдайды қолға алу сезімін беріп-бере алмайтынын сынауға бел буды. Нәтижесінде компанияның шашыраңқы склерозға шалдыққан алғашқы емделушісі денсаулық зерттеуіне қосылды әрі цифрлық денсаулыққа болашақта инвестиция құю жоспары жасалды.

Команда үш технологияны таңдады: белсенділікті қадағалайтын смарт-сағат, ұйқының ұзақтығы мен сапасын өлшейтін ұйқы жүйесі және салмақ пен дене құрылысындағы өзгерістерді тіркейтін смарт-таразы.

Күтпеген нәтижелер алынды. Зерттеудің ұйымдастырылу жолына байланысты қатысушылар бір-бірімен қарым-қатынас орната алды. Команда мүшелерінің бірі байқағандай: «Адамдар бір-біріне көмектесетін қауымдастық құру сезімі пайда болды. Бір-бірін ешқашан кездестірмеген және елдің түрлі аймақтарында өмір сүрген адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнай бастады. Осыны көрудің өзі өте керемет болды».

Серіктестерді дұрыс анықтау

Әдетте зерттеудің бұл түрі клиникалық зерттеу түрінде өткізіледі, бірақ команда оның миллиондаған доллар қажет ететінін, ал қатысушыларды тарту бірнеше айға созылатынын білді. Teva белгілі емделуші популяциясы аясында құрылғылардың жалпы пайдаланылу мүмкіндігін зерттеу арқылы коммерциялық тәсіл ойлап тапты.

Ғаламдық команда сияқты ынталы бөгде тарапты анықтау аса маңызды болды. Teva құрылғылар мен жиналған деректерді талдауға қатысты көмек берген Withings компаниясындағы (қазіргі уақытта Nokia компаниясының иелігінде) командамен, сондай-ақ қатысушыларды тауып, тартылу деңгейін көтеруге көмектескен C Space Health командасымен қарым-қатынас орнатты.

C Space Health командасы жұмысқа икемді болды. Teva командасының өтініші бойынша қатысушылар үшін онлайн қауымдастық порталын құрды. Бұл командаға жиналған деректердің аясын зерттеуге мүмкіндік беріп, зерттеу нәтижелеріне сүйеніп болашақта әрекет етуге болатынын көрсетті. Сонымен қатар, олар адамдардың смарт-құрылғыларды пайдалану жолын, соның ішінде «жақсы» немесе «жаман» ШС күніне себепші болатын нәрселер туралы көзқарастарын және сау болу туралы жалпы сезімдерін түсінуге көмектесу үшін жүйелі іс-шаралар мен сауалнамалар негізінде егжей-тегжейлі үйрену жоспарын жасады.

Объективті деректердің артықшылықтары

Бес ай бойы қатысқаннан кейін зерттеу қатысушылары өз ойларымен бөлісті. Нәтижесінде емделушілер Teva компаниясына әдетте өздеріне көрсетілмейтін объективті деректердің көмегімен ауруларына қатысты көп нәрсені аңғарғанын айтты.

Teva үшін зерттеу цифрлық денсаулық сақтау және басқа дәрілік емес араласулар арқасында қамтамасыз етілген мүмкіндіктер туралы құнды мәлімет беріп, болашақ инвестициялар мен ізденістерге жол ашты.

Мысалы, Teva командасы кәдімгі фитнес білезіктері адамның қолына тағылса да, ШС ауруы бар адамдардың тепе-теңдікке қатысты мәселелері жиі орын алатынын, сондықтан олар жаяу жүргенде жүріс арбасын пайдалана алатынын немесе жұбайының қолынан ұстай алатынын түсінді. Мұндай жағдайда олардың қолдары теңселмейді, сондықтан білезік қадамдарды санамайды. Осы емделушілер тобы үшін тағылатын құрылғылар жасаған кезде құрылғыларды оларға көбірек бейімдеу керек екені анық.

Емделушілердің жағдайын жақсарту

Жүргізілген зерттеу ғаламдық ШС тобына болашақ шешімдер туралы ақпарат береді. Сонымен қатар, ол Teva көңіл бөлетін басқа көптеген созылмалы ауруларға қатысты бола алатын идеяларды көрсетті. Үлкен бастама адамдардың жағдайын жақсартуға көмектеседі.

 NPS-ALL-NP-00015, 2018 Ж. МАМЫР

Бөлісу:

Қосымша әңгімелерді қараңыз

Қоғамға қосылатын үлестің барысы және басқа жағдайлар

Қоғамға қосылатын үлестің барысы және басқа жағдайлар

Суды үнемдеу үшін бірлесіп жұмыс істеу

Суды үнемдеу үшін бірлесіп жұмыс істеу

Teva компаниясы созылмалы аурулары бар тұлғалардың мүмкіндіктерін арттыру үшін емделуші тәжірибесін ...

Teva компаниясы созылмалы аурулары бар тұлғалардың мүмкіндіктерін арттыру үшін емделуші тәжірибесін қолданады

Информация для пациентов об отзыве и замене упаковок препарата Вазар, отпущенных в 2018 году по бесп...

Информация для пациентов об отзыве и замене упаковок препарата Вазар, отпущенных в 2018 году по бесплатному рецепту в рамках ГОБМП

Teva компаниясы контрафактілік дәрі-дәрмектер нарығына қарсы күресу мақсатында жаңа екі өлшемді штри...

Teva компаниясы контрафактілік дәрі-дәрмектер нарығына қарсы күресу мақсатында жаңа екі өлшемді штрих-кодты енгізді