Омепразол-Тева, капсулалар 20 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Гастроэнтерология
Қолданылуы
Омепразол-Тева капсулаларын, дұрысы ас ішуге дейін, бүтіндей жұтып және жарты стақан сумен ішіп, таңертең қабылдау ұсынылады. Капсуланы шайнауға немесе ұсақтауға болмайды. Жұтынуға қиналатын пациенттерге және жартылай қатты тамақты ғана іше алатын және жұта алатын балаларға капсуланы ашып, оның ішіндегісін жарты стақан сумен ішуге немесе оны әлсіз қышқылды сусынмен, мысалы, жеміс шырынымен, алма езбесімен немесе газдалмаған сумен араластыруға болады. Пациент ондай қоспаны қысқа кезеңде (30 минут ішінде) қабылдау қажет екенін білу керек. Қолданар алдында қоспаны шайқап, жарты стақан сумен ішу қажет (сүт немесе газдалған суды пайдалануға болмайды). Бұдан бөлек, пациенттерге капсуланы соруға және пеллеттерді жарты стақан сумен ішуге болады.
Қолдану тәсілі және дозалары

Product Details

Белсенді зат/ХПА
Омепразол

Өнім Сипаттамасы
Тәулігіне бір рет Омепразол-Тева ішу арқылы қабылдау асқазан қышқылының күндізгі және түнгі секрециясының тез әрі тиімді тежелуін қамтамасыз етеді, ең жоғары әсеріне емделген 4 күн ішінде жетеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1/100, <1/10 дейін) - бас ауыру - іштің ауыруы, іш қату, диарея, метеоризм, жүрек айну/құсу, асқазанда темірлі киста түзілуі (қатерсіз)

Қосымша дәрі

Церукал®-Тева Инъекцияға арналған 10 мг/2 мл

View Product

Церукал® таблеткалар 10 мг

View Product