Церукал® таблеткалар 10 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ
Гастроэнтерология
Қолданылуы
Ересектерде қолданылуы: - химиялық емнен туындаған жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы - сәулелік емнен туындаған жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы - жедел бас сақинасымен байланыстыны қоса, жүрек айнуы мен құсуды симптоматикалық емдеу. Жедел бас сақинасы ұстамасында метоклопрамид олардың сіңуін жақсарту мақсатында пероральді анальгетиктермен біріктіріліп тағайындалады 15-18 жастағы (салмағы 61 кг және одан көп) жасөспірімдерде қолданылуы: - химиялық емнен туындаған кейінгі жүрек айнуы мен құсудың алдын алу үшін, екінші желідегі препарат ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолдану тәсілі: Екі енгізу аралығындағы ең төмен 6 сағаттық аралықты тіпті құсу жағдайында, немесе егер доза сіңбесе де сақтау керек. Егде пациенттер: Егде пациенттерде бүйрек және бауыр функциясын және жалпы әлсіздігін ескерумен дозаны төмендетуді қарастыру керек. Басқа дәрілік түрлер /дозалау пациенттердің аталған санатында қолдану үшін жағымдырақ болуы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылуы: Терминалды сатыдағы бүйрек ауруы бар пациенттерде (креатинин клиренсі ≤15 мл/мин) тәуліктік доза 75% төмендетілуі тиіс. Орташа немесе ауыр бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 15-60 мл/мин) доза 50% төмендетілуі тиіс. Басқа дәрілік түрлер /дозалау пациенттердің аталған санатында қолдану үшін жағымдырақ болуы мүмкін Бауыр функциясының бұзылуы: Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде доза 50%-ға төмендетілуі тиіс. Басқа дәрілік түрлер, дозалау пациенттердің аталған санатында қолдану үшін жағымдырақ болуы мүмкін.

Церукал® таблеткалар 10 мг

Product Details

Белсенді зат/ХПА
Метоклопрамид

Өнім Сипаттамасы
Метоклопрамид — допаминді рецепторлардың орталық антагонисі; сондай-ақ шеткері холинергиялық белсенділікке ие. Екі негізгі әсері байқалады: құсуға қарсы әсері және асқазан мен жіңішке ішекті босатуды жылдамдату әсері. Құсуға қарсы әсері ми діңінің орталық рецепторларына әсер етуге негізделген (хеморецепторлар — құсу орталығының белсендіруші аймағы), допаминергиялық нейрондарды тежеу жолымен болуы ықтимал. Перистальтиканы күшейту ОЖЖ орталықтарымен де бақыланады, бірақ постганглионарлық холинергиялық рецепторларды белсенділендірумен қатар, асқазан мен жіңішке ішектің допаминергиялық рецепторларын бәсеңдету арқылы шеткері әсер ету механизмі де ішінара іске қосылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Қолайсыз әсерлері жүйелік-ағзалық кластар бойынша бөлінген. Жиілігі келесі деректердің көмегімен анықталады: өте жиі (≥1 / 10), жиі (≥1 / 100 - 1/10), жиі емес (≥1/1000 - 1/100), сирек (≥1 /10 000- 1/1000), өте сирек (1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Қосымша дәрі

Церукал®-Тева Инъекцияға арналған 10 мг/2 мл

View Product

Омепразол-Тева, капсулалар 20 мг

View Product