Диклофенак-ратиофарм, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 75 мг / 2 мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Неврология

Қолданылуы:

Бұлшықет ішіне енгізу - ревматикалық ауруларының қабыну және дегенеративтік түрлерінің өршуі: ревматоидты артрит, шорбуынданған спондилит, остеоартрит, спондилоартрит, омыртқа аурулары кезіндегі ауыру синдромы, буыннан тыс ревматизмде - подаграның жедел ұстамасында - бүйрек немесе бауыр шаншуында - жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауыру синдромы, қабыну және ісінуде - бас сақинасы ауыр ұстамаларында Вена ішіне инфузия - стационар жағдайында операциядан кейінгі ауыруды емдеу немесе профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары:

Диклофенак-ратиофарм терең бұлшықетішілік (бөксе бұлшықетінің сыртқы жоғарғы шаршысына) инъекция түрінде қолданылады. Күніне 1 ампуладан (75 мг натрий диклофенагы) тағайындалады. Ауыр жағдайларда (мысалы, шаншу кезінде) күніне бірнеше сағаттық аралықпен 2 ампуланы енгізуге болады, сонымен қатар инъекция орнын ауыстыру ұсынылады. Парентеральді қабылдауды 2 күнге дейін шектеу ұсынылады. Диклофенакты бұлшықетішілік енгізу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Дозаны жекелей таңдау үшін бір ампуланы (75 мг) натрий диклофенагының басқа да дәрілік түрлерімен ең жоғары тәуліктік 150 мг дозаға дейін біріктіруге болады. Қолдану жөніндегі нұсқаулар: Ампуланы кесудің қажеті жоқ. ОРС-ты (one-poіnt-cut) пайдалану: ампуланы түсті нүктемен жоғары қарай бұру керек! Ампуланың мойнындағы ерітіндіні сілкіп, төмен ағызу керек. Ампуланың мойнын төмен қарай басып, сындыру керек.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Диклофенак

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Диклофенак-ратиофарм айқын қабынуға қарсы, ауыруды басатын және орташа қызу басатын әсер береді. Оның әсер ету механизмі циклооксигеназа ферментінің белсенділігін бәсеңдетуге негізделген, соның нәтижесінде арахидон каскады реакциясы бөгеліп, қабыну, ауыру мен қызбаның патогенезінде басты роль атқаратын E2 және F2α простагландиндері, тромбоксан A2, простациклин, лейкотриендердің синтезі мен лизосомальді ферменттердің шығарылуы бұзылады. Диклофенак-ратиофарм тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Ревматизм ауруларында тыныштықта және қозғалыста буындардағы ауыруды, буындардың ертеңгілік құрысулары мен ісінуін азайтады, олардың қозғалыс қабілеттілігін жақсартады. Операциядан және жарақаттан кейін туындайтын қабыну үдерістері кезінде кенеттен ауыруды да, қозғалыс кезіндегі ауыруды да жылдам басады, жара орнындағы қабыну ісіктерін азайтады.

Жағымсыз әсерлері:

Жағымсыз реакциялары жиілігі бойынша жіктеледі, анағұрлым жиі кездесетін реакциялар бірінші көрсетілген: өте жиі: (> 1/10); жиі (≥ 1/100, <1/10); жиі емес (≥ 1/1000, <1/100); сирек (≥1 / 10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000); белгісіз: қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес. Өте жиі • жүрек айну, құсу, диарея Жиі • бас ауыруы, бас айналуы, ашушаңдық, шаршау • вертиго немесе шынайы бас айналу • диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы, анорексия, асқазан-ішек ойық жаралары (кейбір жағдайларда қан кетумен және тесілуімен) • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы • бөртпе • инъекция орнындағы реакциялар • ашытуды сезіну, ауыру, абсцесс, майлы тіндер мен терінің некрозы Сирек • ұйқышылдық, қажу - демікпе (ентігуді қоса) • аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар (гипотензия және шок қоса) • гастрит, асқазан-ішектен қан кету, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, қан кетумен немесе онсыз немесе тесілусіз асқазан-ішек ойық жаралары (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде жастағы адамдарда) • гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы • есекжем Өте сирек • бағдарсыздық, депрессия, ұйқысыздық, түнгі қорқыныштар, тітіркенгіштік, психоздық бұзылыстар, үрейлену • парестезия, жадының бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәмнің бұзылуы, ми қан айналымының бұзылуы • көрудің бұзылуы, анық көрмеу, диплопия • құлақтың шуылдауы, естудің бұзылуы • гипертония, гипотония, васкулит • тромбоцитопения, лейкопения, анемия (оның ішінде гемолиздік және апластикалық анемия), агранулоцитоз • ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса) • пневмонит • колит (геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің өршуі немесе Крон ауруы), іш қату, стоматит (оның ішінде ойық жаралы стоматит), глоссит, өңеш функциясының бұзылуы, панкреатит • шұғыл гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі • буллезді бөрту, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативті дерматит, шаштың түсуі, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы • импотенция Белгісіз • сананың шатасуы, елестеулер, сезімталдықтың бұзылуы, жалпы дімкәстік • көру жүйкесі невриті Диклофенак тромбоциттер агрегациясын тежейді, бұл қан ұюы бұзылған науқастарда гемостазды үнемі бақылап отыруды талап етеді. • бет ісінулері, тілдің ісінуі, тыныс алу жолдарының тарылуы мен көмейдің ісінуі, демікпе ұстамасы және шок қаупіне дейінгі тыныс алудың ауырлауы түріндегі диклофенакқа аса жоғары сезімталдық реакциялары • инфекцияға негізделген (мысалы, некроздаушы фасциттің дамуы) қабыну үдерістері ағымының нашарлауы. Бұл қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің әсер ету механизмімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, диклофенакты қолдану кезінде инфекция белгілері немесе орын алған инфекция ауруларының нашарлауы туындаса, антибиотиктермен емдеу үшін көрсеткіштерді анықтау мақсатында шұғыл дәрігерлік тексеру қажет. Диклофенак, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне 150 мг) және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоэмболия (мысалы: миокард инфарктісі немесе инсульт) туындау қаупін біршама жоғарылатуы мүмкін.


Қосымша дәрі

Диклофенак-ратиофарм, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг №20

View Product

Финлепсин ретард 400

View Product