Йокс, спрей

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

При простуде и боли

Қолданылуы:

- баспа, фарингиттер, тонзилофарингиттер, тонзиллиттер, глоссит, афтозды стоматит - тыныс алу жолдарына және ауыз қуысына операциядан кейінгі кезеңде және хирургиялық араласуға пациенттерді даярлауда - химиотерапия кезінде туындаған ауыз қуысы инфекцияларын емдеу үшін - стрептококкты баспада антибиотиктермен емдеу кезінде қосымша ем ретінде - продрома кезеңінде тұмауратқан жай-күйде

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ересектер және 8 жастан асқан балалар Қорғағыш қалпақшасын шешіп, аппликаторды қондырыңыз. Ерітінді бүріккішке жету үшін аппликаторды 2-3 рет басыңыз және басқан кезде ол шашырауы тиіс. Содан соң ауыз қуысына 2-3 см-ге аппликатор түтігін кіргізіп, дем алмай және бір бүрку оң жаққа және екіншісі сол жаққа бүркемелену үшін қалпақшаны 1-3 рет басу керек. Ауыз қуысының оң жағына және сол жағына және жұтқыншаққа бір рет бүркемелеу үшін Йокс спрей препаратын күніне 2-4 рет пайдалану ұсынылады. Препараттың әр аппликациясының аралығы 4 сағаттан кем болмау керек. Қажет болған жағдайда препаратты жиірек қолдануға болады. Бүркілген препаратты ішке тартпау және жұтпау керек! Тәулігіне препаратты ең көп дегенде 6 рет қолдануға болады, емдеу курсы 5-7 күн. Аппликаторды қолданардың алдында және кейіннен ыстық сумен шаю керек.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Жоқ

Product Materials


Жағымсыз әсерлері:

• йодқа аллергиялық реакция (қышыну, гиперемия, есекжем) • сирек: аппликация жасалған жерде қысқа уақыт шымылдатуды немесе ауыз қуысының құрғауын сезіну-• йодизм белгісі (ұзақ уақыт қолданған кезде): ауыздағы металл дәмі, сілекейдің көп бөлінуі, көздің немесе жұтқыншақтың ісінуі, өкпенің ісінуі, тері бөртпесі және асқазан-ішек жолының бұзылуы - өте сирек: анафилактикалық шок.


Қосымша дәрі

Амбробене®-Тева, 100 мл шәрбат

View Product

Туссамаг сироп без сахара

View Product