Лизиноприл-Тева, таблеткалар 20 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Кардиология

Қолданылуы:

- артериялық гипертензияда - жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінде (диуретиктермен және жүрек гликозидтерімен кешенді ем құрамында) - 6 апта бойы тұрақты гемодинамикасы бар пациенттерде жедел миокард инфарктісінде (алғашқы 24 сағаттан бастап) - екінші типті қант диабетіне ұшыраған және гипертензиясы мен бастапқы нефропатиясы бар пациенттерде бүйрек зақымданғанда

Қолдану тәсілі және дозалары:

Лизиноприл-Тева препаратын бір реттік тәуліктік дозада пероральді түрде қабылдайды. Тәулігіне бір рет қабылданатын барлық препараттар сияқты, Лизиноприл-Тева препаратын күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаған жөн. Лизиноприл-Тева препаратының сіңуі тамақ ішуге тәуелді емес. Дозаны жеке пациенттің ерекшеліктеріне және артериялық қысым реакциясына байланысты жекелей есептеген жөн.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Лизиноприл

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Лизиноприл-Тева ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіші (АӨФт) болып табылады. АӨФ-тің басылуы ангиотензин II-нің (қнтамырларды тарылтатын әсері бар) аздап түзілуіне және альдостеронның секрециясының төмендеуіне әкеледі, бұл плазмада калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Лизиноприл-Тева сондай-ақ брадикининнің – күшті вазодепрессорлық пептидтің ыдырауын бөгейді. Соның нәтижесінде Лизиноприл-Тева артериялық қысымды, жалпы шеткері кедергіні, жүрекке түсетін алдынғы және кейінгі жүктемені азайтады, минуттық көлемді, жүректің лықсуын арттырады және миокардтың жүктемеге төзімділігін арттырады және ишемияланған миокардтың қанмен жабдықталуын жақсартады. Жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде Лизиноприл-Тева нитраттармен бірге сол жақ қарынша дисфункциясының немесе жүрек функциясы жеткіліксіздігінің дамуын азайтады.

Жағымсыз әсерлері:

Жиі - бас айналу • бас ауыру • ортостаздық әсерлер (артериялық гипотензияны қоса) • жөтел • диарея • құсу • бүйрек функциясының бұзылуы Кейде • көңіл-күйдің өзгерулері • парестезия • вертиго • дисгевзия • ұйқының бұзылуы • елестеулер • миокард инфарктісі және инсульт • бұлар қауіп тобы пациенттерінің арасында шамадан тыс гипертензия әсерінен туындаған болуы мүмкін • жүректің қағуы • тахикардия • Рейно феномені • ринит • жүректің айнуы • іштің ауыруы және ас қорытудың бұзылуы • бөртпе • қышыну • импотенция • қажығыштық • астения • мочевинаның қандағы деңгейінің жоғрылауы • креатининнің қан сарысуындағы деңгейінің жоғарылауы • бауыр ферменттерінің жоғарылауы • гиперкалиемия Сирек • гемоглобин деңгейінің төмендеуі • гематокриттің төмендеуі • сананың шатасуы • иіс сезуің бұзылулары • ауыз ішінің құрғауы • есекжем • алопеция • псориаз • аллергиялық/ангионевроздық ісіну: беттің • аяқ-қолдың • еріндердің • тілдің • дыбыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі • уремия • бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі • антидиурездік гормонның адекватты емес секрециясының синдромы (АДГ АСС) • гинекомастия • қан сарысуында билирубин деңгейінің жоғарылауы • гипонатриемия Өте сирек • сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі • анемия • тромбоцитопения • лейкопения • нейтропения • агранулоцитоз • гемолиздік анемия • лимфаденопатия • аутоиммундық аурулар • гипогликемия • бронхтың түйілуі • синусит • аллергиялық альвеолит/эозинофильді пневмония • панкреатит • ішектің ісінуі • гепатоцеллюлярлық немесе холестаздық гепатит • сарғаю • бауыр функциясының жеткіліксіздігі • қатты терлеу • пемфигус • уытты эпидермальді некролиз • Стивенс-Джонсон синдромы • полиморфты эритема • терінің жалған лимфомасы • олигурия/анурия Белгісіз • анафилаксиялық/ анафилактоидтық реакциялар • депрессия синдромы • естен тану


Қосымша дәрі

Индапамид-Тева, таблеткалар 1,5 мг

View Product

Валсартан-Тева, таблеткалар 160 мг

View Product