Аджови, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 225мг/1,5мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Неврология

Қолданылуы:

Айына ең кемінде 4 рет бас сақинасы ұстамаларынан зардап шегетін ересектерде бас сақинасының профилактикасы үшін

Қолдану тәсілі және дозалары:

Айына бір рет 225 мг (ай сайынғы доза). Препарат тек тері астына енгізіледі. Инъекция жасауға арналған ықтимал аймақтар: іш аймағы, санның алдыңғы бөлігі, қол қарының артқы бөлігі.

Ajovy

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Аджови

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Фреманезумаб — бұл тышқанның прекурсорынан алынған иммуноглобулиннің (Ig) G2Δa/каппа (IgG2Δa) гуманизацияланған моноклональді антиденесі. Фреманезумаб кальцитонин ген - тектес пептид (КГТП) лигандын іріктеп байланыстырады және КГТП екі (α- және β-КГТП) изоформасының КГТП рецепторымен байланысуын бөгейді. Фреманезумабтың бас сақинасының ұстамаларына жол бермеуінің арқасында, әсер етуінің дәл механизмі белгісіз болғанына қарамастан, бас сақинасының ұстамаларын болдырмауға үшкіл жүйке жүйесі модуляциясының (жүйеге ықпалы) арқасында қол жеткізіледі деп саналады. КГТП деңгейі бас сақиансы кезінде едәуір артатындығы және бас ауыру қайтқан кезде қалыпқа келетіні анықталды. Фреманезумаб КГТП лигандына спецификалы және осы тектес басқа пептидтерін (мысалы, амилин, кальцитонин, интермедин және адреномедуллин) байланыстырмайды.

Жағымсыз әсерлері:

Өте жиі: инъекция жасалған жердің аурушаңдығы; Жиі: инъекция жасалған жердің қышуы. Сирек: иммуногенділік


Қосымша дәрі

Диклофенак-ратиофарм, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг №20

View Product

Финлепсин ретард 400

View Product