Негізгі құндылықтарымыз

Күнделікті әрекеттеріміз маңызға толы

Денсаулықты ынтамен және жігермен жақсартудамыз. Мәдениетіміздің сыры орындайтын ісімізде ғана емес, орындау тәсілімізде жатыр.

Құндылықтарымыз сенген нәрселерімізді білдіреді, олар бізді үздік жағынан көрсетіп, барлық іс-әрекеттерімізде бағыттайды. Миссиямыз бен құндылықтарымызды қызметкерлеріміз ашып көрсетті. Олар біздің ерекше рухымыз бен мәдениетімізді көрсететін әңгімелерден пайда болды және бізді ерекше ететін қасиеттерді бейнелейді.

Teva миссиясы — емделушілердің өмірін жақсарта отырып, дженериктер мен биофармацевтикалық препараттар бойынша әлемдегі көшбасшы болу.

Осылайша барлық жұмысымызға мән қосылады және әр таңда жұмысқа келуіміздің себебі де осы. Дүниежүзіндегі миллиондаған адамдардың күнін шырайлы етіп, денсаулығын жақсарту үшін Teva компаниясындағы қызметкерлер жігерін, қабілеттерін, машықтарын, сондай-ақ құштарлығы мен адами факторын қолдануда. Миссиямыз бен құндылықтарымыз емделушілеріміз, тұтынушыларымыз, әріптестеріміз және қауымдастықтар қабылданатын бүкіл шешімдердің өзегі болатындай құрылған.

Жол бастау

Жол бастау
Үнемі өзгеріп тұратын қазіргі заманда саладағы көшбасшы болуға және үздік болып қала беруге ұмтыламыз. Нарықта бірінші болуға және мүмкіндіктерді іске асыруға ынтықпыз. Бізді көшбасшы ететін адамдар екеніне сенеміз.


Мақсатқа жету ынтасы мен жауапкершілік

Мақсатқа жету ынтасы мен жауапкершілік
Атқарған кез келген ісімізге толық көңіл бөлеміз. Анық мақсаттар қоямыз, күш-жігерімізді, назарымыз бен қуатымызды соған шоғырландырамыз. Берген сөзімізде тұрамыз және өз іс-әрекетіміз бен нәтижелерімізге жауап береміз.


Бірлесе қол жеткізу

Бірлесе қол жеткізу
Бәріміз Teva компаниясына жұмыс істейміз. Бірге одан да тиімді, қоян-қолтық және үйлесімді жұмыс істей отырып, бүкіл әлеуетімізді пайдаланып, белестерді бағындырамыз.


Пайдаға жеткізудегі инновация

Пайдаға жеткізудегі инновация
Емделушілеріміз, денсаулық сақтау жүйесіндегі серіктестеріміз және акционерлеріміз пайда табуы үшін инновациялар енгіземіз. Қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерді шеше отырып, жетіске жетудің ерекше және жақсы тәсілдерін үнемі іздейміз.


Адам қамын ойлау

Адам қамын ойлау
Адам қамын ойлаймыз. Бізге қатысы бар емделушілердің, күтім көрсетушілердің және қауымдастықтардың амандығы үшін қам жейміз. Құрмет көрсетілетін, ерекше жұмыс ортасын қалыптастыру арқылы әріптестеріміздің қамын ойлаймыз.


Отбасыларымызға мақтан болу

Отбасыларымызға мақтан болу
Teva күн сайын адамдардың денсаулығын жақсартып, әл-ауқаты үшін жағдай жасайды. Осыған адал жұмыс атқарып, сапа, әдеп, сәйкестік бойынша жоғары стандарттарды сақтай отырып қол жеткіземіз.

Бөлісу: