Бұл бөлімде халықаралық ұсынымдарға сәйкес анти CGRP-моноклоналды антиденелерді қолдана отырып, бас сақинасының профилактикалық емдеудің тәсілдері сипатталған.
Тамақ өнімдерді және емдік дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау басқармасы (FDA) 2018 жылы бас сақинасын МАД-мен емдеуді мақұлдады. 01
Еуропалық медицина агенттігі Фреманезумабты 2019 жылы қабылдауды мақұлдады. 02 Қазақстан Республикасында Фреманезумаб МАД-нің жалғыз өкілі 2020 жылы тіркелген. 03
2023 жылы ҚР ДСМ ересектердегі бас сақинасын диагностикалау және емдеу бойынша Клиникалық Хаттаманы мақұлдады, онда Фреманезумаб бас сақинасын профилактикалық емдеуге арналған 1 қатарлы дәрі-дәрмек болып табылады және айына кемінде 4 күн бас сақинасы бар ересектерде көрсетіледі 04.
2024 жылы Американдық бас ауруы қоғамы бас сақинасының профилактикалық емдеудің 1 қатарлы ретінде моноклоналды антиденелерді, соның ішінде Фреманезумабты мақұлдады. 05
AJO-KZ-NP-00073
Қолданылатын барлық бейнелер ойдан шығарылған, кез-келген сәйкестік кездейсоқ. Ақпарат ауру туралы хабардарлықты арттыруға арналған және дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
Tepper SJ. History and Review of anti-Calcitonin Gene-Related Peptide (CGRP) Therapies: From Translational Research to Treatment. Headache. 2018 Nov;58 Suppl 3:238-275.
Andrew C. Charles MD1. Calcitonin gene-related peptide-targeting therapies are a first-line option for the prevention of migraine: An American Headache Society position statement update. Headache. 2024;00: p. 1–9