Триампур композитум - Тева, 25 мг/12.5 мг, таблеткалар

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Кардиология

Қолданылуы:

Артериялық гипертензияда; жүрек, бауыр немесе бүйрек аурулары себепші болған ісіну синдромы, негізінен организмнен калийдің жоғалуын болдырмау қажет болған жағдайларда; жүрек функциясының жеткіліксіздігінде, егер сұйықтықты қосымша шығару және организмнен калийдің бөлініп шығуын азайту қажет болғанда (жүрек гликозидтерімен біріктіріп)

Қолдану тәсілі және дозалары:

Препараттың дозасын дәрігер әрбір науқас үшін жекелей таңдайды. Таблетканы тамақтан кейін, шайнамай және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Триампур композитум - Тева препаратымен емдеу кезінде сұйықтықты пайдалануды шектеудің қажеттілігі жоқ.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Жоқ

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Триампур композитумның белсенді заттары: триамтерен мен гидрохлорoтиазид өзекшелік диуретиктер тобына жатады. Гидрохлорoтиазид бүйректің дистальді өзекшелерінің бастапқы бөлігінде натрий иондарының қайта сіңуін азайтады. Бастапқы әсері электролиттердің күшті шығарылуына, ал екінші әсері осмостық байланысқан су әсерінен туындаған несептің бөлініп шығуының жоғарылауына негізделген. Гидрохлоротиазидтің негізгі әсері натрий, хлор иондары мен судың шығарылуының күшеюімен байқалады, сонымен бірге препарат калийдің бөлініп шығуын күшейтеді, ал ұзақ қолданғанда - кальцийдің организмнен бөлініп шығуын азайтады. Несеп қышқылының секрециясы азаяды, ал магнийдің шығарылуы артады. Гидрохлоротиазидті жоғары дозаларда қолданғанда карбоангидразаның тежелуіне байланысты бикарбонаттың организмнен шығарылуы күшеюі мүмкін. Триамтерен дистальді өзекшелердің соңғы бөлігінде әсер етуші калий жинақтаушы салуретиктер тобына жатады. Альдостеронға қарамастан, ол осы аумақтағы натрий иондарының калий мен сутегі иондарымен алмасуын тежейді, соның нәтижесінде калий иондарының іркілуі және натрийдің организмнен аздаған мөлшерде шығарылуы байқалады. Препарат несеп қышқылының секрециясына әсерін тигізбейді. Гидрохлорoтиазид пен триамтеренді 1:2 арақатынас мөлшерінде біріктіргенде олардың натрийурездік және диурездік әсерлері анық күшейеді. Калийдің бөлінуіне екі дәрілік заттың да қарама-қарсы әсері калий теңгерімінің қажетті компенсациясына және бейтараптануына әкеледі. Триампур композитумнің гипотензиялық әсер ету механизмінде натрий иондары секрециясының күшеюі маңызды рөл атқарады, мұның салдарынан жасушадан тыс сұйықтық және қан плазмасының көлемі азаяды, бүйрек қантамырларының кедергісі өзгереді, сондай-ақ қантамыр қабырғасы рецепторларының норадреналин мен ангиотензин ІІ-ге сезімталдығы төмендейді.

Жағымсыз әсерлері:

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін),сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000). Өте жиі • қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауынан диабеталдылық кезіндегі немесе диабеттік жай-күйдің нашарлауы • ұзақ үздіксіз қолдану жағдайында сұйықтық және электролит теңгерімінің бұзылуы (әсіресе гипер - немесе гипокалиемия және гипонатриемия); гипомагниемия • гипохлоремия • гиперкальциемия • метаболизмдік ацидоз • бейімділігі бар пациенттерде қабылданған жиынтық дозасына байланысты қанда липидтер деңгейі жоғарылауы (холестерин мен триглицеридтердің концентрациясы артуы • атап айтқанда ТӨТЛП және ТТЛП-холестерин • сондай-ақ β-липопротеин фракциялары) мүмкін Жиі • ЭКГ өзгерістері • жүректің жиі қағуы • қан қысымының ретсіз төмендеуі • ОЖЖ тарапынан симптомдар (атаксия, летаргия) • бас ауыру, ашушаңдық • бас айналумен • ұйқышылдықпен немесе коллапспен ортостатикалық реттеудің бұзылуы • жүректің айнуы • құсу • диарея (әдетте егер препаратты тамақтан кейін қабылдаса бұл жағымсыз әсерлерді болдырмау мүмкіндігі бар) • құрсақ қуысының жоғарғы жағының ауыруы • іштің түйіліп-шаншып ауыруы • іш қатумен және ішінара ішектің бітелуімен ішектің салданып бітелуіне дейін болатын ас қорыту жолдарының тегіс бұлшықеттерінің адинамиясы • қаңқа бұлшықеттерінің гипотониясы • бұлшықеттердің ширығуы • балтыр бұлшықеттерінің құрысулары • қажығыштық, ауыздың құрғауы немесе шөлдеу Жиі емес • жоғары дозаларында гемоконцентрация нәтижесіндегі тромбоздар және эмболия және/немесе шамадан тыс диурезде құрысулар және сусызданудан болатын сананың шатасуы және гиповолемиялар • көрудің елеусіз бұзылуы • мысалы • көрудің бұлыңғырлануы және түсті ажыратудың бұзылуы (бәрін сары түсте көру) • бұрыннан бар алыстан көрмеушіліктің нашарлауы немесе көз жасы бөлінуінің азаюы (әсіресе жанаспалы линза киген жағдайда). • сарғаю • геморрагиялық панкреатит • бұрыннан бар холелитиаздағы жедел холецистит • көбіне емдеудің басында қанда несеп құрамындағы азоттың (мочевина, креатинин) уақытша жоғарылауы бақылануы мүмкін ; препараттың үлкен дозаларын қабылдау және/немесе шамадан тыс диурез сусыздану және гиповолемия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан гемоконцентрация туындатуы мүмкін; несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы (ерекше бейімі бар пациенттердегі подагра ұстамалары дамуы). • пурпура • қышыну • есекжем • терінің эритемасы • терінің фотоаллергиялық бөртпесі және дәрілік қызба сияқты тері тарапынан аллергиялық бұзылулар • эректильді дисфункция Сирек • апластикалық анемия • лейкопения • тромбопения • агранулоцитоз • алдында фолий қышқылының тапшылығы болатын мегалобласттық анемия сияқты қан құрамының өзгерістері • метилдопамен бір мезгілде қолданғанда гидрохлоротиазидке антиденелер түзілу жолымен гемолиз. • интерстициальді пневмония • жедел бүйрек жеткіліксіздігінің өршуі • абактериялық интерстициальді нефрит кейіннен жедел бүйрек жеткіліксіздігіне ұласатын • несеп тастарының түзілуі • анафилактоидтық реакциялар • некроздаушы васкулит • шок симптомдары бар өкпенің кенеттен ісінуі (айналымдағы иммундық кешендерден туындайтын жүйелік анафилаксиялық реакциялар) • терінің меланомдық емес обыры (базальді жасушалық карцинома және жалпақ жасушалы карцинома) Жекелеген жағдайларда - бұрыннан бар өт-тас ауруымен сарғаю • геморрагиялық панкреатит • жедел холецистит - апластикалық анемия • лейкопения • тромбопения • агранулоцитоз • организмде бұған дейін фолий қышқылы тапшылығы кезінде болған мегалобласттық анемия; метилдопаны бір мезгілде қолданғанда қанда гидрохлорoтиазидке антиденелердің пайда болуы нәтижесінде туындаған гемолиз - анафилактоидтық реакциялар, некроздаушы васкулит • жедел бүйрек жеткіліксіздігінің өршуі • асептикалық интерстициальді нефрит кейінгі жедел бүйрек жеткіліксіздігімен - шок симптомдары бар өкпенің кенеттен пайда болған ісінуі сипатталған. Науқастардың әсер етуші зат гидрохлорoтиазидке аллергиялық рекциясы осыған себеп болуы мүмкін. • интерстициальді пневмония


Қосымша дәрі

Индапамид-Тева, таблеткалар 1,5 мг

View Product

Лизиноприл-Тева, таблеткалар 20 мг

View Product