Лейковорин-Тева, Инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл – 5 мл

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Онкология

Қолданылуы:

- фолий қышқылының антагонистері-препараттарының (метотрексат, пириметамин, триметоприн) уытты әсерлеріне антидоты ретінде - метотрексатты жоғарылатылған және жоғары дозаларда қолданған кезде оның уытты әсерінің алдын алатын дәрілер ретінде - ішек ісіктерін емдеген кезде флуороурацилдің биологиялық әсерінің модификаторы ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары:

Лейковорин-Тева ерітіндісі бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіледі. Әдетте препаратты метотрексаттың жоғары дозаларымен біріктіріп тағайындаған кезде Лейковорин-Теваны енгізуді метотрексатпен келесі доза тәртібі арқылы емдеуді аяқтағаннан кейін 24 сағаттан соң бастайды: 72 сағат бойы әрбір 6 сағат сайын 10 мг/м2 немесе метотрексаттың қан плазмасындағы 5 x 10-8M төмен концентрациясына жеткенше.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Кальций фолинаты

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Лейковорин фолий қышқылының қалпына келтірілген түрі болып табылады және фолий қышқылының антагонисі тұрғысында әсер ететін дәрілік заттардың антидоты ретінде қолданылады. Цитотерапияда қолданылатын метотрексат метаболикалық үдерістерді және ДНҚ синтезін бұзады. Тиісті уақытта енгізілетін лейковорин метотрексаттың сүйек кемігінің жасушасына уытты әсер етуіне жол бермейді және ДНҚ мен ақуыздар биосинтезінің бұзылған үдерісін қалпына келтіруге көмектеседі. Лейковориннің қорғаныш әсері сау жасушаларда ғана білінеді, бірақ метотрексатты қолданған кезде болған нефроуытты әсерге елеулі ықпалын тигізбейді.

Жағымсыз әсерлері:

• есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар • терінің қышынуы • бөртпе • анафилаксиялық шок дамуы мүмкін • диспепсиялық бұзылулар (жоғары дозада қолданған кезде) • ұйқының бұзылуы • қозу • депрессия • қызба


Қосымша дәрі

Летрозол Актавис таблеткалар 2,5 мг №30

View Product

Агалатес, таблеткалар 0.5 мг №2

View Product