Летрозол Актавис таблеткалар 2,5 мг №30

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Онкология

Қолданылуы:

- ерте инвазиялық сүт безінің гормон-оң обырына шалдыққан менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде сүт безі обырын адъювантты емдеуде - тамоксифенмен 5 жыл бойына алдын ала стандартты адъювантты ем алған, ерте инвазиялық сүт безінің гормон-оң обырына шалдыққан менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде адъювантты емді жалғастыруда - сүт безінің гормон-оң обыры бар менопаузадан кейінгі әйелдердегі бірінші желідегі емде - химиотерапия жағымсыз болғанда және дереу операциялық араласулар көрсетілмегенде, менопаузадан кейінгі сүт безінің HER-2 негативті гормон-оң обырына шалдыққан әйелдердегі неоадьювантты емде

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ішке. Летрозол Актавис препаратын тамақпен немесе тамаққа қатыссыз қабылдауға болады, өйткені тамақ препарат сіңуіне әсер етпейді. Препараттың тәуліктік дозасын 2,5 мг арттыру ұсынылмайды.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Летрозол

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Летрозол Актавис препаратының белсенді заты – Летрозол ароматаза белсенділігінің жоғары спецификалық стероидты емес тежегіші болып табылады Менопаузадан кейінгі дені сау әйелдерде летрозолдың 0,1, 0,5 және 2,5 мг құрайтын бір реттік дозасы, қан сарысуындағы эстрон мен эстрадиолдың деңгейін (бастапқы деңгеймен салыстырғанда) 75-78% және, тиісінше, 78% төмендетеді. Ең жоғары төмендеуіне 48-78 сағаттан соң жетеді.

Жағымсыз әсерлері:

Әртүрлі жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігін бағалау кезінде мынадай градациялар пайдаланылды: өте жиі (1/10), жиі (1/100- <1/10-ға дейін), кейде (>1/1 000- <1/100-ге дейін), сирек (>1/10 000- <1/1 000-ға дейін), өте сирек (<1/10 000). Өте жиі • қан кернеулері • қатты тершеңдік • шаршағанды сезіну • оның ішінде астения және дімкәстік • артралгия • гиперхолестеринемия Жиі • жүрек айнуы • құсу • диспепсия • іш қату • диарея • абдоминальді ауыру • анорексия • тәбеттің артуы • дене салмағының артуы • бас ауыруы • бас айналуы • депрессия • артериялық гипертензия • алопеция • терінің құрғауы • бөртпе (соның ішінде эритематозды, теңбілді-папулезді, псориаз тәрізді және везикулярлы бөртпе) • миалгия • сүйектердің ауыруы • остеопороз • сүйектердің сынуы • артрит • жүректің жиі қағуы • қынаптық қан кетулер Кейде • жүрек қағу (метастаздары бар пациенттер) • тахикардия • ишемиялық жүрек-қантамырлық асқынулар (соның ішінде стенокардия ұстамаларының білінуі немесе өршуі • хирургиялық араласу қажет болатын стенокардия • миокард инфарктісі • миокард ишемиясы) • тромбофлебит (соның ішінде беткейлік және терең веналардың) • үрейлену сезімі • оның ішінде күйгелектік • ашушаңдық • ұйқышылдық • ұйқысыздық • есте сақтаудың нашарлауы • дизестезия (соның ішінде парестезия • гипостезия) • дәм сезудің бұзылуы • ми қан айналымының жедел бұзылуы • білезік өзегі синдромы • стоматит • ауыздың құрғауы • іштің ауыруы • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы • гипербилирубинемия • сарғаю • несеп жүйесінің инфекциялары • жиі несеп шығару жиілігі артуы • қынаптық бөліністер • қынаптың құрғауы • сүт бездерінің ауыруы • лейкопения • жайылған ісінулер • катаракта • көздің тітіркенуі • көрудің бұлыңғырлануы • қышыну • есекжем • дене температурасының көтерілуі • шырышты қабықтардың құрғауы • шөлдеу • дене салмағының азаюы • ісік ошақтарындағы ауыру (метастаздары бар пациенттер) • ентігу • жөтел Сирек • өкпе эмболиясы • артериялық тромбоз • цереброваскулярлық инфаркт Жиілігі белгісіз • анафилаксиялық реакциялар • ангионевроздық ісіну • уытты эпидермалық некролиз • мультиформалы эритема • триггерлік саусақ • гепатиттер Жеке жағымсыз реакциялар Жүрек тарапынан 3 жылғы плацебо терапиясымен салыстырғанда 5 жыл бойғы летрозолмен кеңейтілген адъювантты терапияда келесі жағымсыз реакциялар анықталды: стенокардия, хирургиялық араласуларды талап ететін 0,8% жағдайдың және 0,6% жағдайда тиісінше; алғаш білінген немесе бұрыннан бар стенокардия барысының нашарлауы - 1,4% және 1,0% жағдайларда тиісінше; миокард инфарктісі - 1,0% және 0,7% жағдайларда тиісінше; тромбоэмболиялық құбылыстар - 0,9% және 0,3% жағдайларда тиісінше; инсульт/транзиторлық ишемиялық шабуыл - 1,5% және 0,8% жағдайларда тиісінше. Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан 3 жылғы плацебо терапиясымен салыстырғанда 5 жыл бойғы летрозолмен кеңейтілген адъювантты терапияда келесі жағымсыз реакциялар анықталды: сүйек сынулары - 10,4% және 5,8% жағдайларда тиісінше; остеопороз - 12,2% және 6,4% жағдайларда тиісінше.


Қосымша дәрі

Лейковорин-Тева, Инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл – 5 мл

View Product

Агалатес, таблеткалар 0.5 мг №2

View Product