Фозикард H, таблеткалар 20 мг / 12,5 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Кардиология

Қолданылуы:

- артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ішке, ас қабылдау уақытына қарамай-ақ, сұйықтықтың мол мөлшерімен іше отырып, таңертең қабылдау керек. Доза әр адамға жекелей таңдалуға тиіс. Әдеттегі дозасы – тәулігіне 1 рет 1 таблетка. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді. Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі >30 мл/мин және <80 мл/мин) дозаны түзетуді біртіндеп таңдай отырып, ерекше сақтықпен жүргізген жөн.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Жоқ

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Фозикард Н гипотензиялық, вазодилатациялық, диуретикалық және калий жинақтаушы әсер береді. Шеткергі жалпы кедергіні және жүйелі артериялық қысымды төмендетеді. Препарат альдостеронның синтезін төмендетеді, тіндік АӨФ-ні (ангиотензин-өзгертуші ферменттер) тежейді. Қан плазмасы ренинінің белсенділігін, альдостеронның секрециясын арттырады және қан сарысуында калий иондарының концентрациясын төмендетеді. Ішке қабылдағаннан кейін АҚ төмендеуі 1 сағаттан кейін басталады, ең жоғары мәнге 2-6 сағаттан соң жетеді. АҚ көрсеткіштерінің 24 сағаттан кейін төмендеуі АҚ-ң ең жоғары төмендеуінің 60-90-ын құрайды, ол препаратты тәулігіне 1 рет қабылдауға мүмкіндік береді.

Жағымсыз әсерлері:

Өте жиі (≥10%) • гипергликемия • глюкозурия • гиперурикемия • электролиттік теңгерімсіздік (гипонатриемияны қоса) • холестерин мен триглицеридтер деңгейінің артуы Жиі (≥1% - <10%) • бас айналу • бас ауыру • тахикардия • жүректің қағуы • гипотония • ортостаздық гипотензия • жөтел • жүрек айну • асқазанның тітіркенуі • құсу • диарея • іш қату • панкреатит • бөрту • ангионевроздық ісіну • дерматит • кеуденің ауыруы • әлсіздік • сілтілік фосфатаза • билирубин • ЛДГ және трансаминазалар деңгейінің артуы • креатинин • мочевина • несеп қышқылы деңгейінің қайтымды артуы Жиі емес (≥0.1% - <1%) • гемоглобин және гематокрит деңгейінің қайтымды төмендеуі • подагра • гиперкалиемия • депрессия • сананың шатасуы • церебральді инфаркт • парестезия • ұйқышылдық • инсульт • естен тану • дәм сезудің бұзылуы • ұйқының бұзылуы • көрудің бұзылуы • ксантопсия • құлақтың ауыруы • құлақтың шуылдауы • стенокардия • миокард инфарктісі және ми қан айналымының жедел бұзылуы • жүректің тоқтап қалуы • ырғақтың бұзылуы • өткізгіштіктің бұзылуы • гипертензия • шок • өтпелі ишемия • диспноэ • ринит • синусит • трахеобронхит • ауыздың құрғауы • метеоризм • гипергидроз • қышыну • есекжем • фотосезімталдық реакциясы • миалгия • бүйрек жеткіліксіздігі • интерстициальді нефрит • жыныстық функцияның бұзылуы • қызба • шеткері ісіну • кенеттен болған өлім • кеуденің ауыруы • салмақтың артуы • тәбеттің төмендеуі • анорексия • респираторлық дистресс-синдром (пневмонит және өкпе ісінуін қоса) • бауырішілік холестаздық сарғаю Сирек (≥0.01% - <0.1%) • қайтымды анемия • эозинофилия • лейкопения • лимфаденопатия • нейтропения • дисфазия • жадының бұзылуы • бағдарсыздық • қан кернеулері • геморрагия • шеткері тамырлар ауруы • бронх түйілуі • мұрыннан қан кету • ларингит/қарлығу • пневмония • өкпе гиперемиясы • ауыз қуысының ойық жаралануы • панкреатит • тілдің ісіп кетуі • іштің кебуі • дисфагия • гепатит • экхимоз • артрит • қуық асты безі функциясының бұзылуы • аяқ-қолдың әлсіздігі • гипонатриемия • гемоглобин деңгейінің көтерілуі • сиаладенит • лейкопения • нейтропения/агранулоцитоз • тромбоцитопения • апластикалық анемия • гемолитикалық анемия • сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі • үрейлену • ұйқының бұзылуы • депрессия • васкулит • қызыл жегі тәріздес тері реакциялары • терідегі қызыл жегі реактивациясы • анафилаксиялық реакциялар • уытты эпидермальді некролиз • бұлшықеттің түйілуі • бүйрек функциясының бұзылуы Өте сирек (≥0.01% - <0.1%) • агранулоцитоз • ангионевроздық ісіну • (ішінара) ішек бітелісі • бауыр жеткіліксіздігі • жедел бүйрек жеткіліксіздігі • терінің меланомалық емес обыры (базальді-жасушалы карцинома мен жалпақ жасушалы карцинома) • терінің меланомалық емес обыры: гидрохлортиазид пен НМРК арасындағы қолда бар эпидемиологиялық зерттеулер негізінде жинақталған дозаға тәуелді өзара байланыс анықталды.


Қосымша дәрі

Индапамид-Тева, таблеткалар 1,5 мг

View Product

Лизиноприл-Тева, таблеткалар 20 мг

View Product