Әрбір әрекетіміз маңызды
Біздің мәдениетіміз тек не істейтінімізді ғана емес, сонымен қатар оны қалай орындайтынымызды да айқындайды.
Құндылықтарымыз біз сенетін қағидаларды бейнелейді, әрқайсымыздағы ең үздік қасиеттерді көрсетеді және барлық іс-әрекетімізге бағыт береді. Teva компаниясында біз өз білімімізді, мүмкіндіктеріміз бен дағдыларымызды, сондай-ақ адалдық пен адами көзқарасты қолдана отырып, әлем бойынша миллиондаған адамдарға көмектесеміз.
Үнемі өзгеріп тұратын қазіргі заманда саладағы көшбасшы болуға және үздік болып қала беруге ұмтыламыз. Нарықта бірінші болуға және мүмкіндіктерді іске асыруға ынтықпыз. Бізді көшбасшы ететін адамдар екеніне сенеміз.
Атқарған кез келген ісімізге толық көңіл бөлеміз. Анық мақсаттар қоямыз, күш-жігерімізді, назарымыз бен қуатымызды соған шоғырландырамыз. Берген сөзімізде тұрамыз және өз іс-әрекетіміз бен нәтижелерімізге жауап береміз.
Бәріміз Teva компаниясына жұмыс істейміз. Бірге одан да тиімді, қоян-қолтық және үйлесімді жұмыс істей отырып, бүкіл әлеуетімізді пайдаланып, белестерді бағындырамыз.
Емделушілеріміз, денсаулық сақтау жүйесіндегі серіктестеріміз және акционерлеріміз пайда табуы үшін инновациялар енгіземіз. Қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерді шеше отырып, жетіске жетудің ерекше және жақсы тәсілдерін үнемі іздейміз.
Адам қамын ойлаймыз. Бізге қатысы бар емделушілердің, күтім көрсетушілердің және қауымдастықтардың амандығы үшін қам жейміз. Құрмет көрсетілетін, ерекше жұмыс ортасын қалыптастыру арқылы әріптестеріміздің қамын ойлаймыз.
Teva күн сайын адамдардың денсаулығын жақсартып, әл-ауқаты үшін жағдай жасайды. Осыған адал жұмыс атқарып, сапа, әдеп, сәйкестік бойынша жоғары стандарттарды сақтай отырып қол жеткіземіз.