Ново-Пассит, таблетки №30

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Успокоительные средства

Қолданылуы:

- ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, мазасыздықпен, стресспен, зейіннің төмендеуімен, қатты шаршаумен, психикалық ширығу күйімен қатар жүретін неврастениялық синдромның жеңіл түрлері («менеджер синдромы) - ұйқы бұзылыстарының жеңіл түрлері/ұйқысыздық - неврозбен байланысты есте сақтаудың бұзылулары - бас сақинасының адъювантты емі, жүйкенің қатты ширығуы себеп болатын вазомоторлық сипаттағы бас ауырулары, нейроциркуляторлық астениямен болатын психосоматикалық тамыр бұзылыстары, нейрогенді тетания, беттің ауырулары және климактериялық синдром - функционалдық гастропатия, органикалық зақымдануларсыз диспепсия синдромы, «тітіркенген ішек» синдромы, асқазан зондын енгізуден және невроз белгілерімен болатын органикалық аурулардың адъювантты емі ретінде - қышынумен қатар жүретін психосоматикалық дерматоздар емі (есекжем, атопиялық экзема және т.б.)

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ново-Пассит 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Қажетсіз мәңгіру пайда болған жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларын ½ таблеткаға, ал кешкілік дозада 1 таблетканы қабылдау қажет. Дозалануын пациенттің реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс. Ново-Пассит таблеткаларын сусындармен бірге қабылдаған дұрыс (шай, шырын). Асқазан-ішек жайсыздығы немесе жүрек айну сезімі пайда болған жағдайда препаратты тамақпен бірге қабылдаған жөн.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Жоқ

Product Materials


Жағымсыз әсерлері:

• бас айналу • шаршағыштық, ұйқышылдық • аллергиялық реакциялар, экзантема • жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату • зейін қоюдың төмендеуі Барлық жағымсыз әсерлердің белгілері препаратты тоқтатқаннан кейін тез жоғалады.


Қосымша дәрі

Ново-Пассит, таблетки №60

View Product

Ново-Пассит, Раствор для приема внутрь

View Product