Фезам

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Неврология

Қолданылуы:

- атеросклероз және артериялық гипертония кезінде ми қан айналымының созылмалы және жасырын жеткіліксіздігі; ангиодистониялық ишемиялық ми инсульті және өткерген ми инсультінен кейінгі жай-күйде - жарақаттан кейінгі церебрастенияда - есте сақтау қабілеті мен басқа когнитивтік функциялардың бұзылуы басым немесе эмоционалдық-ерік-жігер тұрғысындағы бұзылуларымен психоорганикалық синдромда - шығу тегі әртүрлі энцефалопатияда - шығу тегі әртүрлі лабиринтопатияда (бас айналу, құлақ шуылдауы, жүрек айну, құсу, нистагм) - Меньер синдромында - кинетоздар профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары:

Ересектерге аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне үш рет 1-2 капсуладан 1-3 ай бойы тағайындайды. 6 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 рет 1-2 капсуладан тағайындайды. Препаратты 3 айдан артық қабылдауға болмайды! Мүмкіндігінше Фезамды® қабылдауды өткізіп алмаған жөн, әсіресе бір мәрте тағайындалған болса. Бір дозаны өткізіп алған кезде келесі дозасын әдеттегі сызба бойынша қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген препарат дозасын қабылдауға болмайды.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Жоқ

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Ми қан айналымын және ми метаболизмін жақсартатын біріктірілген препарат. Пирацетам – ноотропты дәрі. Мидың зат алмасу үдерістеріне және қан айналымына оң әсер етеді. Оның ГАМК-эргиялық, холинергиялық және глютаматергиялық нейроберілісті жақсартатыны; жартышарлар ішінде және арасында ақпарат берілісін жеңілдететіні; метаболизмге және қанның реологиялық қасиеттеріне әсер етуіне негізделген ишемиялық белсенділігі бар екендігі анықталған. Циннаризин кальций және Н1-гистаминдік рецепторлардың селективті антагонисі болып табылады. Оның жасушалық жарғақшалар арқылы кальций иондарының тасымалдануын бәсеңдететіні анықталған; тамыр тарылтатын медиаторлардың (катехоламиндер, ангиотензин және брадикинин) әсерін бәсеңдетеді; ми, коронарлық және шеткері қантамырларды аздап кеңейтеді; метаболизм арқылы ми қан ағымындағы көмірқышқыл газының деңгейін жоғарылатады; жасушалардың гипоксияға төзімділігін арттырады; артериялық қысымға және пульске әсер етпейді. Біріктірілген препараттың анық гипоксияға қарсы әсері бар. Қос компонент өздерінің ми қантамырлары қарсылыстығын төмендететін әсерін өзара үдетеді. Біріктірілім ми қан ағымының артуына ықпал етеді.

Жағымсыз әсерлері:

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000). Өте сирек - бөрту, қышыну, фотосезімталдық Жиілігі белгісіз: – сілекей бөлінудің күшеюі, жүрек айну, құсу – мазасыздық және қозғыштық, ұйқының бұзылуы. – егде жастағы науқастарда ұзақ қолдану тремор дамуына әкелуі мүмкін. – эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, диспепсия – бас ауыруы, ауыздың құрғауы, ашушаңдық – аяқ-қолдың дірілдеуі, бұлшықет тонусының жоғарылауы


Қосымша дәрі

Диклофенак-ратиофарм, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг №20

View Product

Финлепсин ретард 400

View Product