Насобек, спрей 50 мкг/доза

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Тыныс алу жүйесі

Қолданылуы:

- маусымдық және жыл бойына созылған аллергиялық риниттің, вазомоторлы риниттің профилактикасы және емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары:

Насобек препараты тек мұрын ішіне қолдануға арналған.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Беклометазон

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Беклометазон дипропионаты беклометазон диэфирі, қабынуға қарсы және иммундепрессивті қасиеттерін көрсететін синтетикалық глюкокортикоид болып табылады. Бұл препарат ұсынылған дозаларда елеусіз жүйелік белсенділіксіз өкпеге жергілікті әсер етеді, дегенмен әсер ету механизмі әзірше белгісіз. Жергілікті қолданғаннан кейін, беклометазон 17, 21-дипропионат (БДП) күшті қабынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсер береді. БДП кортикостероидтар рецепторларына аздаған тектестігімен ізашар дәрі болып табылады. Ол жоғары жергілікті қабынуға қарсы белсенділігі бар беклометазон -17- монопропионаты (B-17-MP) жоғары- белсенді метаболитке дейін эстераза ферменттері көмегімен гидролизденеді. Беклометазон дипропионаты пішен қызбасының негізгі профилактикалық емін қамтамасыз етеді, БДП аллергия симптомдары қайталануының алдын алады.

Жағымсыз әсерлері:

Жағымсыз құбылыстар төменде жүйелік-ағзалық класы және жиілігі бойынша келтірілген. Жиілігі мынадай түрде: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жекелеген хабарламалар мен белгісізін (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес) қоса анықталады. Өте жиі: жиі және жиі емес деп танылатын құбылыстар әдетте клиникалық сынақтар деректерінен алынған. Сирек және өте сирек деп анықталатын құбылыстар әдетте жүйесіз хабарламалар деректерінен түседі. Жағымсыз құбылыстар жиілігі плацебо тобындағы негізгі көрсеткіштер ескерілген жоқ, өйткені бұл көрсеткіштер негізінен осындай белсенді ем тобындағымен салыстырмалы болған.


Қосымша дәрі

Назарел-Тева, 50 мкг/доза, мұрынға арналған дозаланған спрей

View Product

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 100 мкг/доза;

View Product