Ибупрофен-Тева, таблеткалар 400 мг

Өнім тиесілі терапевтік аймақ:

Неврология

Қолданылуы:

- ревматоидтық артритте, соның ішінде ювенильді артритте немесе Стилл-Шоффар ауруында, шорбуынданатын спондиллитте, остеоартритте және басқа ревматоидтық емес (серонегативті) артропатияларда - иық-жауырын периартриті (капсулит), бурсит, тендинит, тендосиновит және арқаның төменгі бөлігінің ауыруы сияқты буыннан тыс ревматизмдік және периартикулярлық зақымдануларда - жұмсақ тіндердің зақымдануларында, мысалы, байламдардың созылуы мен ширығуларында - әлсіз және орташа ауыруды, мысалы, бастапқы дисменорея кезіндегі, тіс ауыруы мен операциядан кейінгі ауыруды азайту үшін, бас ауыруының, соның ішінде бас сақинасының симптоматикалық емінде

Қолдану тәсілі және дозалары:

Жағымсыз реакциялардың дамуы қауіптерін азайту мақсатында, ибупрофенді ең төменгі тиімді дозасында және клиникалық әсеріне қол жеткізу үшін жеткілікті болатындай аса қысқа мерзім ішінде қабылдау керек. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: Ибупрофеннің ұсынылатын дозасы күн сайын бірнеше қабылдауға бөлінген 1200-1800 мг құрайды. Кейбір пациенттерге күніне 600-1200 мг жеткілікті болуы мүмкін. Ауыр және жедел жағдайларда дозасын аурудың жедел фазасы аяқталғанға дейін арттыруға болады. Сонымен қатар ең жоғарғы тәуліктік дозасы бірнеше қабылдауға бөлінген 2400 мг аспауы тиіс. Егде жастағы адамдар: Егде жастағы адамдар күрделі жағымсыз реакциялары қаупінің жоғарылауына ұшырайды. Жағымсыз әсерлерін ең төменгі тиімді дозасын аса қысқа уақыт ішінде пайдалана отырып азайтуға болады. Асқазан-ішектен қан кетулерге мониторинг жүргізу қажет. Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы кезінде, препараттың дозасын жекелей таңдау керек. Ішу арқылы қабылдау үшін. Асқазанның сезімталдығы жоғары болған жағдайда, препарат тамақпен бірге қабылданады. Егер препарат тамақтан кейін қабылданса, ибупрофеннің әсер ете бастауы кейіндеуі мүмкін. Препаратты көп мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Ауыздағы жайсыздықты және тамақтың тітіркенуін болдырмас үшін, таблеткаларды тұтастай, шайнамай, сормай жұту керек.

Product Details

Белсенді зат/ХПА:

Ибупрофен

Product Materials


Өнім Сипаттамасы:

Ибупрофен ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін әсері бар, пропион қышқылының туындысы болып табылады. Препараттың емдік әсерлеріне оның циклооксигеназа ферментіне тежегіштік әсері түрткі болады, ол простагландиндер синтезінің айқын төмендеуіне алып келеді деп есептеледі.

Жағымсыз әсерлері:

Асқазан-ішек бұзылыстары Анағұрым жиі бақыланатын асқазан-ішектік жағымсыз әсерлер: пептидік ойық жаралар, кейде, әсіресе, егде жастағы адамдарда өлімге соқтыратын перфорация немесе асқазан-ішектен қан кетулер болып табылады. Жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, іш қатуы, диспепсия, іш ауыруы, мелена, гематемезис, ойық жаралы стоматит, асқазан-ішектен қан кетулер және колит пен Крон ауруының өршуі. Жиі болмаса да гастрит, он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазанның ойық жарасы және асқазан-ішек перфорациясы байқалған. Иммундық жүйе тарапынан: спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксияны, тыныс жолдарының реактивтілігін, демікпені қоса, демікпенің өршуін, бронх түйілуін немесе диспноэні, тері ауруларын, соның ішінде, түрлі типтердегі бөртпелерді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну, өте сирек - эритема, буллездік дерматоздар (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз). Жүрек аурулары және қантамырлық бұзылулар: ісінулер, гипертония және жүрек жеткіліксіздігі. Ибупрофенді жоғары дозада (тәулігіне 2400 мг) қолдану миокард инфарктісі немесе инсульт сияқты артериялық тромбоздық асқынулардың дамуы қаупінің аздап жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Инфекциялар және инвазиялар: Тұмау мен асептикалық менингит (әсіресе, қазіргі уақытта жүйелі қызыл жегі сияқты аутоиммундық бұзылулары бар және дәнекер тіндердің аралас аурулары бар пациенттерде) шүйде бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы симптомдарымен, жүрек айнуымен, құсумен, қызбамен немесе бағдар жоғалтумен. ҚҚСД қолданған кездегі инфекциялардан туындаған қабынулар өршіген жағдайлар болған. Егер ибупрофенді қолданғанда пациентте инфекция белгілері туындаса немесе нашарласа, тез арада дәрігерге қаралу керек. Тері инфекциясы және жұмсақ тіндер тарапынан бұзылулар: бірен-саран жағдайларда, желшешек инфекциясын жұқтыру аясында терінің ауыр инфекциялары және жұмсақ тіндердің асқынулары болуы мүмкін. Ибупрофенді қабылдаумен байланысты болуы мүмкін жағымсыз реакциялар төменде, әр жүйе немесе ағза көлемінде кездесу жиілігінің азаюы тәртібімен атап келтірілген. Жағымсыз реакциялар жиілігіне қарай келесідегідей бөлінген: өте жиі ≥ 1/10, жиі ≥1/100 және ≤1/10, жиі емес ≥1/1000 және ≤ 1/100, сирек ≥1/10000 және ≤ 1/1000, өте сирек ≤ 1/10000. Жиі • бас ауыруы, бас айналуы • диспепсия, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, диарея, метеоризм, іш қатуы, мелена, гематемезис, асқазан-ішектен қан кету • бөртпе • шаршау Жиі емес • ринит • ұйқысыздық, мазасыздық • парестезия, ұйқышылдық • көрудің нашарлауы • естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл немесе шыңылдауы, вертиго • гастрит, он екі елі ішектің ойық жарасы, асқазанның ойық жарасы, ойық жаралы стоматит, асқазан-ішек перфорациясы • гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы • есекжем, қышыну, пурпура, ангионевроздық ісіну, фотосезімталдық • уытты нефропатияның түрлі формалары, соның ішінде интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, бүйрек жеткіліксіздігі Сирек • асептикалық менингит • лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, гемолиздік анемия • анафилаксиялық реакциялар • депрессия және сананың шатасуы • көру жүйкесінің невриті • көру жүйкесінің уытты нейропатиясы • ісіну Өте сирек • панкреатит • бауыр жеткіліксіздігі • терінің ауыр реакциялары, мысалы, мультиформалы эритема, буллездік реакциялар, соның ішінде, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз • жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі • артериялық гипертензия Белгісіз • колит және Крон ауруы


Қосымша дәрі

Диклофенак-ратиофарм, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг №20

View Product

Финлепсин ретард 400

View Product