Иммунорм Таблеткалар 100 мг
- Өнім тиесілі терапевтік аймақ
- При простуде и боли
- Қолданылуы
- • суық тию аурулары кезінде бастапқы симптомдардың профилактикасы және емдеу
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Таблеткаларды соруға, шайнауға немесе сумен ішуге болады. Таблеткаларды тамақ ішу уақытына байланыссыз қабылдай береді. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар күніне 3-4 рет 1 таблеткадан қабылдайды. 6-дан 11 жасқа дейінгі балалар – күніне 2- 3 рет 1 таблеткадан . Үздіксіз қолдану ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс.
- Жағымсыз әсерлері
- Сирек - терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, тері бөртпесі, есекжем) - Стивенс-Джонсон синдромы Өте сирек - бронх түйілуі обструкциямен - аса жоғары сезімталдық салдарынан болатын демікпе - ангиоісіну - Квинке ісінуі - анафилаксиялық шок - аутоиммундық аурулар (жайылған энцефалит, түйінді эритема, аутоиммундық тромбоцитопения, тубулярлы бүйрек дисфункциясымен Шегрен синдромы) - ұзақ қолданған кездегі лейкопения (8 аптадан астам)