Гастал №60
- Өнім тиесілі терапевтік аймақ
- Пищеварительная система
- Қолданылуы
- • өршу сатысындағы жедел және созылмалы гастритте • жедел гастродуоденитте • өршу сатысындағы асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында • диафрагманың өңеш қуысы жарығында • рефлюкс• эзофагитте
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Таблетканы біртіндеп (бүтіндей жұтпастан) сорған жөн. Ересектерге тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң кешке ұйықтар алдында 2 таблеткадан күніне 3-5 рет қабылдау ұсынылады, тәуліктік дозасы 8 таблеткадан аспауы керек. Емдеу ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс, дәрігердің кеңесімен дозалаудың басқаша режимі тағайындалуы мүмкін! Қыжыл кезінде тамақтануға байланыссыз осыған ұқсас дозалары ұсынылады. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар – ересектерге арналған дозаның жартысын қабылдаулары керек.
- Жағымсыз әсерлері
- Метаболизм және тамақтану бұзылыстары Өте сирек • гипермагниемия (кейіннен гипотония болатын). Магний гидроксидін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұзақ енгізуден кейін байқалады Белгісіз • гипофосфатемия Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіннің бұзылулары Белгісіз • остеомаляция Асқазан-ішек бұзылыстары Белгісіз • жүрек айну, диарея, іш қату, іштің ауыруы Иммун жүйесінің бұзылулары Өте сирек • аллергиялық реакциялар