Кандибене, таблетки 200 мг
- Өнім тиесілі терапевтік аймақ
- Противогрибковые средства
- Қолданылуы
- • Candіda және/немесе Trіcomonas vagіnalіs тектес (кандидозды вульвовагиниттерде, трихомониазда) ашытқы зеңдері тудыратын генитальді инфекцияларда
- Қолдану тәсілі және дозалары
- Кандибене® препаратын кешке аяғын тізе тұсында бүгіп, шалқасынан жатып аппликатордың көмегімен қынап ішіне барынша терең енгізеді. Емдеуді курстап жүргізеді: қынаптық 200 мг Кандибене® препаратының 1 таблеткасын күнделікті 3 күн бойы немесе 100 мг 6 күн бойы енгізу керек. Қажет болған жағдайда курстық емді қайталауға болады. Кандибене® қолдануда жақсы емдік нәтижеге жету үшін аурудың жедел белгілерінің бетін қайтарғаннан кейін, емдеуді бірден тоқтатуға болмайды.
- Жағымсыз әсерлері
- Кейде - қайтымды қызарулар, шаншу және жыныс мүшелері аймағын ашытуы; - аллергиялық реакциялар (естен тану, гипотензия, ентігу, есекжем, терінің қышынуы); - іштің ауыруы.