Қазақстан

РЕЦЕПТУРА ПРЕПАРАТТАРЫ

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Неврология

Мелоксикам-Тева, таблеткалар 15 мг

Белсенді зат/ХПА

Мелоксикам

Қолданылуы

- остеоартроз өршуін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу - ревматоидты артритті немесе шорбуынданатын спондилоартритті ұзақ мерзімді симптоматикалық емдеу

Жағымсыз әсерлері

Жиі • бас ауыруы Өте жиі • жүрек айнуы • құсу • іштің ауыруы • диарея • іш қатуы • метеоризм • диспепсия Жиі емес • анемия • аллергиялық реакциялар • қышыну • бөртпе • Квинке ісінуі • анафилаксиялық шок • бас айналуы • ұйқышылдық • вертиго • диспепсия • гастрит • асқазан-ішек жолдарының эрозиялы – ойық жаралы зақымдануы • колит • асқазан-ішек жолдарының тесілуі • асқазан-ішектен жабық немесе ашық қан кетулері (асқазан-ішек қан кетулері және тесілуі өліммен аяқталуға әлеуетті түрде алып келуі мүмкін) • бауыр функциясы көрсеткіштерінің өтпелі өзгерістері (трансаминазалар немесе билирубин белсенділігінің жоғарылауы) • натрий мен су іркілісі • гиперкалиемия • бүйрек функциясы көрсеткіштерінің өзгерістері (креатинин және/немесе мочевина деңгейінің жоғарылауы) Сирек • эмоционалдық тұрақсыздық • лейкопения • тромбоцитопения • конъюнктивит • көрудің шоғырландыруы бұзылуын қоса • көру бұзылуы • құлақтың шуылдауы • жүрек қағуы • жедел бронх демікпесінің дамуы (ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП аллергиясы бар пациенттер) • есекжем • терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР): Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз • ойық жаралы стоматит • эзофагит Өте сирек • гепатит • буллезді дерматит • мультиформалы эритема • жедел бүйрек жеткіліксіздігі • атап айтқанда қауіп факторы бар пациенттерде Белгісіз • сананың шатасуы • бағдар бұзылыстары • фотосезімталдық реакциялары • панкреатит

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы сумен немесе басқа сұйықтықпен ішіп, тамақтану кезінде ішке қабылдау керек. Остеоартроз: доза күніне 7,5 мг құрайды. Егер жеткілікті жақсаруы байқалмаса, доза күніне 15 мг дейін арттырылуы мүмкін. Ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит: Доза күніне 15 мг құрайды. Емнің тиімділігіне байланысты доза күніне 7,5 мг дейін төмендетілуі мүмкін. Егде пациенттерге күніне ұсынылатын доза 7,5 мг Бүйрек функциясының елеусіз немесе орташа төмендеуінде (креатинин клиренсі қалыптан 25 мл/мин артық емес төмендеген ) доза төмендету талап етілмейді. Гемодиализ жүргізілмейтін, бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолдануға қарсы көрсетілімде. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар диализдегі пациенттерде доза күніне 7,5 мг аспауы тиіс Жасөспірімдер (16 жастан бастап): Ең жоғары тәуліктік доза 0,25 мг/кг құрайды, 15 мг аспауы тиіс. Препаратты қолдану ұзақтығы жеке қаралады және оны дәрігер анықтайды.

Өнім Сипаттамасы

Мелоксикам – бұл қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін қасиеттері бар, оксикамдар тобындағы қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСП). Әсер ету механизмі циклооксигеназа (ЦОГ-2) ферментативті белсенділігінің бәсеңдеуі нәтижесінде простагландиндер биосинтезінің төмендеуімен байланысты.