Қазақстан

РЕЦЕПТУРА ПРЕПАРАТТАРЫ

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Неврология

Мелоксикам-Тева, инъекцияға арналған ерітінді 15 мг/1,5 мл

Белсенді зат/ХПА

Мелоксикам

Қолданылуы

Ауыру синдромымен қатар жүретін буындардың қабыну және дегенеративті ауруларын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу үшін, оның ішінде: - остеоартрозда - ревматоидты артритте - шорбуынданған спондилитте

Жағымсыз әсерлері

Жиі • бас айналуы • бас ауыруы • анемия • диспепсия • жүрек айнуы • құсу • кекіру • іштің ауыруы • диарея • іштің қатуы • метеоризм • тері қышынуы • тері бөртпесі • аяқтың ісінуін қоса алғандағы енгізу орнының ісінуі Кейде • вертиго • құлақтың шуылдауы • ұйқышылдық • сананың шатасуы • бағдар бұзылыстары • эмоционалды тұрақсыздық • жүрек қағысының жиілеуі • қан қысымының жоғарылауы • қан кернеулері • стоматит • эзофагит • асқазан-ішектен қан кетулер • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы • есекжем • бауыр функциясы көрсеткіштерінің (транасминазалардың, билирубиннің ұлғаюы) креатинин • мочевинаның өтпелі өзгерістері • лейкопения • тромбоцитопения • агранулоцитоз Сирек • сананың шатасуы • көңіл-күй ауытқуы • ұйқысыздық • түнгі қорқыныштар • көрудің бұзылуы • конъюнктивит • гепатит • асқазан-ішек тесілуі • гастрит • колит • анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар • есекжем • буллёзді реакциялар • Стивенс-Джонсон синдромы • уытты эпидермальді некроз • экссудативті көп формалы эритема • фотосенсибилизация • демікпе ұстамалары (ацетилсалицил қышқылына және басқа да ҚҚСП аллергиясы бар пациенттерде) • бүйрек жеткіліксіздігі • интерстициальді нефрит • гломерулонефрит • нефроздық синдром • бүйрек функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі (креатинин, мочевина деңгейінің жоғарылауы, альбуминурия, гематурия) • несептің жедел іркілісі • несеп шығарудағы қиналыстар Белгісіз • панкреатит

Қолдану тәсілі және дозалары

Мелоксикам-Тева 3-5 күн бойына бұлшықет ішіне терең инъекция түрінде (жағдайының ауырлығына қарай) тағайындалады. Одан кейінгі ем үшін таблетка түрін қолдану керек. Остеоартроз: ұсынылатын дозасы күніне 7,5 мг құрайды (15 мг-лік ампуланың жартысы). Жақсару болмаса дозасы күніне 15 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Ревматоидты артрит, шорбуынданған спондилит: күніне 15 мг (1 ампула). Егде пациенттерде және жағымсыз әрекетінің жоғары қаупі бар пациенттер Ревматоидты артритте немесе шорбуынданған спондилитте ұсынылатын дозалау күніне 7,5 мг құрайды. Бүйрек функциясы бұзылуы Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа шектеулілігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 25 мл/мин жоғары) дозаны азайту талап етілмейді. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар диализдегі пациенттерде мелоксикамның 7,5 мг күнделікті дозасынан асыруға рұқсат етілмейді. Бауыр функциясы бұзылуы Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа шектеулілігі бар пациенттерде дозаны азайту талап етілмейді.

Өнім Сипаттамасы

Мелоксикам – бұл қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін қасиеттері бар оксикам заттары тобындағы қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСП). Әсер ету механизмі циклооксигеназаның (ЦОГ) ферментативтік белсенділігін басу нәтижесінде простагландиндер биосинтезінің төмендеуімен байланысты.