Қазақстан

РЕЦЕПТУРА ПРЕПАРАТТАРЫ

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Неврология

Диклофенак-ратиофарм, босап шығуы ұзаққа созылатын ішекте еритін капсулалар, 100 мг №50

Белсенді зат/ХПА

Диклофенак

Қолданылуы

- әр түрлі генездегі жедел артриттерде (оның ішінде подагра) - созылмалы артриттерде, оның ішінде ревматоидты артритте, ювенильді созылмалы полиартритте - шорбуынданған спондилитте (Бехтерев ауруы) және басқа спондилоартриттерде - артроздар мен спондилартроздарда (буындар мен омыртқа бағанының дегенеративтік аурулары) - жұмсақ тіндердің ревматикалық зақымдануында - жарақаттар мен оперативтік араласулардан кейінгі тірек-қимыл аппаратының жұмсақ тіндерінің ауыратын ісінулері және қабынуларында - ауыру синдромымен жүретін ревматикалық емес қабыну жағдайларында. Белсенді субстанция баяу босап шығатындықтан, осы дәрілік түрді препараттың тез әсер етуін қажет ететін жай-күйлерде қолданбаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялары жиілігі бойынша жіктеледі, анағұрлым жиі кездесетін реакциялар бірінші көрсетілген: өте сирек: (> 1/10); жиі (≥ 1/100, <1 10); жиі емес (≥ 1 1000,><1 100); сирек (≥1 10000,><1 1000); өте сирек (><1 10000); белгісіз: қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес. Келесі жағымсыз әсерлер қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді пайдаланғанда тіркелген мынадай реакцияларды қамтиды. Өте жиі • жүрек айну, құсу, диарея Жиі - бас ауыруы, бас айналуы, ашушаңдық, шаршау • вертиго немесе шынайы бас айналу • диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы, анорексия, асқазан-ішек ойық жаралары (кейбір жағдайларда қан кетумен және тесілумен) • бөртпе, қышыну • трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы Сирек • ұйқышылдық, қажу • демікпе (ентігуді қоса) • аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар (гипотензия және шок қоса) • гастрит, асқазан-ішектен қан кету, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, қан кетумен немесе онсыз немесе тесілусіз асқазан-ішек ойық жаралары (кейде өліммен аяқталатын, әсіресе егде жастағы адамдарда) • гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы • есекжем • енгізген орындағы тітіркену, ісіну Өте сирек • бағдарсыздық, депрессия, ұйқысыздық, қорқыныштар, тітіркенгіштік, психоздық бұзылыстар • парестезия, жадының бұзылуы, құрысулар, үрейлену, тремор, асептикалық менингит, дәмнің бұзылуы, ми қан айналымының бұзылуы • көрудің бұзылуы, анық көрмеу, диплопия • құлақтың шуылдауы, естудің бұзылуы • жүректің соғуы, кеуденің ауыруы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі • гипертония, гипотония, васкулит • тромбоцитопения, лейкопения, анемия (оның ішінде гемолиздік және апластикалық анемия), агранулоцитоз • ангионевроздық ісіну (беттің ісінуін қоса) • пневмонит • колит (геморрагиялық колит және ойық жаралы колиттің өршуі немесе Крон ауруы), іш қату, стоматит (оның ішінде ойық жаралы стоматит), глоссит, өңеш функциясының бұзылуы, диафрагмаға ұқсас ішек стенозы, панкреатит • шұғыл гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі • буллезді бөрту, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эксфолиативті дерматит, шаштың түсуі, фотосезімталдық реакциялары, пурпура, аллергиялық пурпура, қышыну • бүйректің жедел жеткіліксіздігі, гематурия, протеинурия, нефроздық синдром, интерстициальді нефрит, бүйректің папиллярлық некрозы • импотенция Белгісіз • сананың шатасуы, елестеулер, сезімталдықтың бұзылуы, жалпы дімкәстік • көру жүйкесі невриті Диклофенак тромбоциттер агрегациясын тежейді, бұл қан ұюы бұзылған науқастарда гемостазды үнемі бақылап отыруды талап етеді. • бет ісінуі, тілдің ісінуі, тыныс алу жолдарының тарылуы мен көмейдің ісінуі, демікпе ұстамасы және шок қаупіне дейінгі тыныс алудың ауырлауы түріндегі диклофенакқа аса жоғары сезімталдық реакциялары • инфекцияға негізделген (мысалы, некроздаушы фасциттің дамуы) қабыну үдерістері ағымының нашарлауы. Бұл қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің әсер ету механизмімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, егер диклофенакты қолдану барысында инфекция белгілері немесе орын алған инфекция ауруларының нашарлауы туындаса, антибиотиктермен емдеу үшін көрсетілімдерді анықтау мақсатында шұғыл дәрігерлік тексеру қажет болады. • басқа жағымсыз әсерлері: шеткері ісіктер, сирек • жүрек қағуы, кеуденің ауыруы, қан қысымының жоғарылауы, жүрек жеткіліксіздігі. Диклофенак, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне 150 мг) және ұзақ қолданғанда артериялық тромбоэмболияның (мысалы: миокард инфарктісі немесе инсульт) туындау қаупін біршама арттыруы мүмкін.>

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты шайнамай, тікелей тамақ ішуге дейін немесе тамақтанудың алдында сұйықтың жеткілікті мөлшерімен iшке қабылдайды. Диклофенак-ратиофарм ересектерге тәулігіне бір рет тағайындалады. Емдеу ұзақтығын ауырудың ағым ерекшелігіне және жай-күйдің ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер белгілейді. Ревматизмдік ауруларда препаратпен емдеу ұзаққа созылуы мүмкін.

Өнім Сипаттамасы

Диклофенак-ратиофарм - қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге жатады. Айқын қабынуға қарсы, ауыруды басатын және орташа қызуды түcipeтiн әсер етеді.