Қазақстан

РЕЦЕПТУРА ПРЕПАРАТТАРЫ

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Гастроэнтерология

Церукал® Инъекцияға арналған 10 мг/2 мл

Белсенді зат/ХПА

Метоклопрамид

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі құсу және жүрек айну; - асқазан мен ішек атониясы мен гипотониясы (атап айтқанда, операциядан кейінгі)

Жағымсыз әсерлері

Жалпы, реакциялар жиілігі метоклопрамид дозасымен және қабылдау ұзақтығымен өзара байланысты. Көпшілік жағдайларда деректер жиіліктің бағалануына мүмкіндік бермесе де, келесі реакциялар туралы хабарламалар алынған: Өте жиі (≥ 1/10) • ұйқышылдық Жиі (≥ 1/100, <1 10) • диарея • астения 09.10.2017 ЕСЭДО ГО (версия 7.13.2) • экстрапирамидалық бұзылыстар (әсіресе балалар мен жастарда және немесе ұсынылатын дозадан асып кеткенде • тіпті препараттың бір дозасын енгізгеннен кейін де) • паркинсонизм • акатизия • депрессия • гипотония, әсіресе вена ішіне енгізген кезде Сирек (≥ 1 1000,><1 100) • галакторея • әсіресе эпилепсиямен ауырғандарда құрысулар • сананың шатасуы Жиі емес (≥ 1 1000,>< 1/100) • брадикардия, әсіресе вена ішіне енгізген кезде • аменорея, гиперпролактинемия • аса жоғары сезімталдық • дистония, дискинезия • сана деңгейінің төмендеуі • елестеулер Сирек (≥ 1/10 000, < 1/1000) • галакторея • әсіресе эпилепсиясы бар пациенттерде құрысулар • сананың шатасуы Белгісіз • метгемоглобинемия • инъекциялық қолданудан кейін көп ұзамай орын алатын жүрек тоқтауы • атриовентрикулярлы блокада QT • аралығының ұзаруы • гинекомастия • анафилаксиялық реакциялар (анафилаксиялық шокты қоса) әсіресе вена ішіне енгізген кезде • кешеуілдеген дискинезия • ол ұзақ емдеу кезінде және одан кейін • әсіресе егде пациенттерде тұрақты болуы мүмкін • қатерлі нейролептикалық синдром • шок • инъекциядан кейінгі естен тану • феохромоцитомамен науқастарда жедел артериялық гипертензия • бөртпе • қышыну • ангионевроздық ісіну және есекжем сияқты тері реакциялары * Гиперпролактинемияға байланысты (аменорея, галакторея, гинекомастия) ұзақ емдеу кезіндегі эндокриндік бұзылулар. Келесі реакциялар • кейде астасқан • препаратты көбіне үлкен дозаларда қолданғанда туындайды: • экстрапирамидалық симптомдар: жедел дистония және дискинезия • паркинсондық синдром • акатизия • тіпті препараттың бір дозасын енгізгеннен кейін • әсіресе балаларда және жас ересектерде • ұйқышылдық • сананың бәсеңдетуі • сананың шатасуы • елестеулер

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітіндіні вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болады. Вена ішіне дозаларды баяу болюстік инъекция түрінде (3 минут бойы) енгізу керек.

Өнім Сипаттамасы

Метоклопрамид – допаминді рецепторлардың орталық антагонисі; сондай-ақ шеткері холинергиялық белсенділігі бар. Екі негізгі әсері: құсуға қарсы әсері және асқазан мен жіңішке ішек босатылуын жеделдету әсері білінеді. Құсуға қарсы әсері ми діңінің орталық рецепторларына әсер етуге негізделген (хеморецепторлар — құсу орталығының белсендіруші аймағы), допаминергиялық нейрондарды тежеу жолымен болуы ықтимал. Перистальтиканы күшейту ОЖЖ орталықтарымен де бақыланады, бірақ постганглионарлық холинергиялық рецепторларды белсенділендірумен қатар, асқазан мен жіңішке ішектің допаминергиялық рецепторларын бәсеңдету арқылы шеткері әсер ету механизмі де ішінара іске қосылуы мүмкін.