Қазақстан

РЕЦЕПТУРА ПРЕПАРАТТАРЫ

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Тыныс алу жүйесі

Беклазон Эко Лёгкое Дыхание, 250 мкг/доза

Белсенді зат/ХПА

Беклометазон

Қолданылуы

- ересектерде және 7-ден 12 жасқа дейінгі балаларда бронх демікпесінің жеңіл, орташа және ауыр түрлерін профилактикалық емдеу - Беклазон Эко Легкое Дыхание 250 мкг/доза ингаляторы бронходилататорлардың ең жоғары демеуші дозаларында және беклометазонның аз дозаларында демікпенің бақылануы жеткіліксіз болған жағдайларда беклометазонның жоғарырақ дозалары қажет болатын демікпесі бар ересек пациенттерге арналған.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігін бағалау: өте жиі = 10%, жиі = 1% < 10% дейін, жиі емес = 0,1% < 1% дейін, сирек = 0,01 % < 0,1% дейін, өте сирек <0,01%, белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалауға келмейді). Жиі (>1/100 және <1 10) • ауыз қуысы және жұтқыншақ кандидозы • қарлығып қалу және жұтқыншақтың тітіркенуі Сирек (>1/10,000 және <1 1000) • аллергиялық реакциялар: көз, жұтқыншақ • ерін және беттің ангионевроздық ісінуі • парадоксальді бронх түйілуі Өте сирек (>< 1/10,000, жекелеген хабарламаларды қоса) • бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуі (жүйелі әсер) • катаракта • глаукома (жүйелі әсер) • есекжем • бөртпе • қышыну • эритема • сүйек тіні минералды тығыздығының төмендеуі (жүйелі әсер) • балалар мен ересектердегі өсу кідірісі Белгісіз - анық көрмеу • психомоторлық аса жоғары белсенділік • ұйқының бұзылуы • үрейлену • депрессия • агрессия • мінез-құлықтың өзгеруі.

Қолдану тәсілі және дозалары

Осы препарат тек ингаляциялық енгізуге арналған. Тиімді емделу үшін препаратты жүйелі қолдану керек. Беклометазон дипропионатының бастапқы дозасы аурудың түрін және ауырлығын ескерумен таңдалады.

Өнім Сипаттамасы

Бекламетазон дипропионаты ізашар дәрі болып табылады және ГКС-рецепторларға әлсіз үйлесімділігі бар. Эстеразалар әсерімен ол қабынуға қарсы айқын жергілікті әсер көрсететін белсенді метаболит – бекламетазон-17-монопропионатқа (Б-17-МП) айналады. Хемтаксис субстанциясы түзілуін төмендету есебінен қабынуды азайтады («кешеуілді» аллергиялық реакцияға ықпалы), аллергиялық реакцияның «дереу» дамуын тежейді (арахидон қышқылы метаболиттері өнімінің тежелуі және толық жасушалардан қабыну медиаторларының босап шығуының төмендеуі себебінен) және мукоцилиарлы тасымалды жақсартады. Беклометазон әсерінен бронх шырышты қабығында жуан жасушалар мөлшері төмендейді, эпителий ісінуі, бронх бездерімен шырыш секрециялануы, бронхтардың аса жоғары қайта белсенділенуі, нейтрофилдердің шетке жиналуы, қабыну экссудаты және лимфокиндер өндірілуі азаяды, макрофагтар көшуі тежеледі, сүзілу және түйіршіктелу үдерістерінің қарқыны төмендейді. Белсенді бета-адренорецепторлар саны көбейеді, науқастың бронходилататорларға реакциясын қалыпқа келтіреді, оларды қолдану жиілігін азайтуға мүмкіндік береді. Ингаляциялық енгізуден кейін сіңірілу әсерін мүлде көрсетпейді. Бронх түйілуі басылмайды, емдік әсері біртіндеп, әдетте беклометазон дипропионатын 5-7 күн курстық қолданудан кейін дамиды.